20
қыркүйек
2024
Жаңа форматтағы ерекше жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді.
«Уақытты ұйымдастыру және өзін-өзі басқару»
Түркістан облысы.Отырар ауданы.Көксарай ауылы. 20.09.2024 жылы «М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Уақытты ұйымдастыру және өзін-өзі басқару» тақырыбындағы жаңа форматтағы ерекше жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді. Жаңа форматтағы жиналыстың сәлемдесу ұйымдастыру бөлімінде арнайы шақырылған жиналыс қонақтары мен ата аналарды мектеп директоры Сыздықәлі Айнұр Әбдіғапбарқызы күтіп алып, жаңа оқу жылындағы жаңалықтарымен таныстырды.
Қонақтарды мектептің кіреберіс табиғат алаңындағы үйірме жұмыстарымен таныстырып,қазақтың ұлттық ойындары асық ату, тоғызқұмалақ, шахмат және робототехника заманауи үлгіде жабдықталған STEM кабинетімен таныстырылды. Қазіргі таңда заманауи яғни 3D принтерімен PLA пластик әр түрлі заттардың жасалуын және оқушыларымен LEGO жинағынан бірнеше роботтар құрастырылып бағдарламасы жасалған. «Жас информатик» оқушылар Arduiho мен танысып, алғашқы «Светафор» жобасын жасап көрді. Үйірме жетекшісі Сейтхан Жазира. Жиналысқа келген ата-аналармен бала арасындағы қарым-қатынасты арттыру, бала тәрбиесіндегі тәжірибемен бөлісу,ата-аналарға позитивті көңіл күй орнату мақсатында психолог Серікбаева Гүлмира Өмірзаққызы тренинг сабақтарын өткізді. Жалпы мектептің тыныс тіршілігін таныстырып, мектептің акт залында аудандық, облыстық дәстүрлі өнер фестивальінде жоғары деңгейде өнер көрсетіп жүрген өнерлі оқушыларымыздың концерттік бағдарламасымен ашылды.
Ата-аналар комитетінің төрағасы Туленбаев Салман Әбілхайырұлы сөз алып, күн тәртібіндегі меселелермен таныстырды.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асыру, уақытты басқару және өзін-өзі басқару, әр отбасындағы бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі, оқушылардың жалпы қауіпсіздік ережелері, мектептің ішкі тәртібі мен ережелері және жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Байысбаев Біржан Әдіманапұлы баяндама жасап, ата-аналардың бала алдындағы міндеттері айтылып, жалпы оқушылардың қауіпсіздігін сақтау басты міндет екенін айтты.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша жаңа оқу жылының басталуы және оқу процесіндегі өзгешеліктері туралы директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Сенгирбеков Оркен Каликулович баяндама жасады.
Отырар АПБ-нің ЖПҚ ЮПТ полиция аға лейтенанты Қапалбай Бақытжан сөз алып, хабарлама жасады. Қазіргі таңдағы жасөспірімдер арасындағы белең алып жатқан вейптердің, электроскутерлер, лудомания, құқықбұзушылықтардың алдын алу жөнінде ата-аналарға түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Жиналыс қонақтары Көксарай ауыл округі әкімі Әлімжан Қалмұратұлы, арадагерлер кеңесінің төрағасы Мәуленқұл Әбдірахман Байқозыұлы, ауыл биі Омаров Жұмабай Ерназарұлы,
қауымдастық төрағасы Аймұрзаев Хайрулла Сейділдаұлы қорытынды жарыссөзге шығып ата-аналарға бала алдындағы жауапкершілікті арттыруға шақырды.