Ер жігітке жарасар, салауатты бейнесі. » «М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектебі»
Түркістан облысының білім басқарамасының
Отырар ауданының білім бөлімінің
«М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72544) 23-4-73
Есепші бөлімі:
+7(72544) 23-4-73
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ер жігітке жарасар, салауатты бейнесі.
23
қазан
2024

Ер жігітке жарасар, салауатты бейнесі.

Ер жігітке жарасар, салауатты бейнесі.
М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 8-сынып жетекшілері А.Смайлова, Е.Бойрабаев, А.Айтбай, Қ.Тастанбектердің  ұйымдастыруымен Біртұтас тәрбие бағдарламасын негізге ала отырып, «Даналық мектебі» клубын жүзеге асыру мақсатында  «Аға қамқорлығы» жоспары аясында 8-сынып оқушыларының ағаларымен «Ер жігітке жарасар, салауатты бейнесі» атты кездесу кеші ұйымдастырылды. Іс-шараға Еліміздің спорт мақтанышы Белбеу күресінен әлем чемпионатының 2-дүркін чемпионы. Астанада өткен 5-ші дүниежүзілік Көшпенділер ойынының күміс жүлдегері Тұрмағамбетов Қалмұхан ағамыз.
Құмай тазы баптаушы  ұлттық  спортымызды дәріптеп жүрген жақында ғана Қазақстан чемпионатында Көктарғақ есімді тазысымен чемпион болып келген Жұмашов Бақтияр  ағамыз.
Ата жолын жалғастырушы атбегілік дәстүрді жанына серік еткен мектебіміздің оқушысы. Өзін-өзі басқару ұйымының мүшесі Тәңірберген Дияс.
Қазақстан жазушылар одағының мүшесі ақын Сердалиев Нұрғали ағаларымыз қатысты.
Ашық сұхбаттасып оқушылардың сұрақтарына жауап берді. Өнерлі оқушымыз Аймырза Нұрбақыт ағаларға арнап, ағаларым әнін орындады. Кеш қонағы Н.Сердалиев ағамыз өз шығармашылығынан өлеңдер оқып берді. Бақтияр ағамыз құмай тазысының жетістіктерін көрсетіп оқушылардың қызығушылығын оята білді. Кешті қортындылаған мектеп директорының бейінді істері жөніндегі орынбасары А. Сыздықова келген қонақтарға ризашылығын білдіріп алдағы жарыстарға сәттілік тіледі.
Толық ақпарат Facebook парақшамызда
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив