«Өнегелі отбасы» атты сайыс болып өтті. » «М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектебі»
Түркістан облысының білім басқарамасының
Отырар ауданының білім бөлімінің
«М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72544) 23-4-73
Есепші бөлімі:
+7(72544) 23-4-73
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Өнегелі отбасы» атты сайыс болып өтті.
21
қазан
2024

«Өнегелі отбасы» атты сайыс болып өтті.

М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектебі «Балауса» бастауыш пән бірлестігінің айлық жоспарына сәйкес   бастауыш сынып мұғалімдері  Афизова Гүлназбен Аликулова Айгерімнің ұйымдастыруымен  3 сынып   балаларымен анасының  қатысуымен «Өнегелі  отбасы» атты  сайыс болып өтті.
Мақсаты:  Ата-аналар мен балаларды сайысқа қатыстыра отырып, олардың отбасылық тәрбие туралы білімдерін кеңейту, тәрбиенің үздік үлгілерін насихаттау.
Ата-аналардың мектеппен, мұгаліммен, басқа ата-аналармен тұрақты қарым-қатынасын қалыптастыру.Мектеп — отбасы — бала қарым-қатынастың тиімді модельдерін іздестіру.
Сайысқа 3 отбасылық топ қатысып,өзара бақ сынады. Сайысқа қатысушылар 4 кезең бойынша сынға түсіп,шеберліктерін көрсете білді.
Сайыс кезеңдері:
1. Таныстыру (  баланың 1 күндік күн тәртібін видеоға түсіріп  ролик дайындау)
2. Өз өнерлерін көрсету(ән,би)
3.  Қол өнер (күз тақырыбында сурет салу)
4. Сұрақ-жауап (ата-анаға қойылды)
5. «Отбасылық жағдаяттар» сұрақ-жауап сайысы
Нәтижесінде : Сайыс қатысушыларын бағалау қазылар алқасы тарапынан жүргізіліп  Зикиш  отбасы І-орын, Немат отбасы ІІ-орын алса,ІІІ-орын Есенгелді отбасы иеленіп дипломдар мен арнайы  сыйлықтар табыс етілді.Сайысқа директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.Алтаева  мен бейінді ісі жөніндегі орынбасары А.Сыздықова  қатысып , дипломдар  мен сыйлықтар табыстады.

Толық ақпарат Facebook парақшамызда

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив