24-қазан –Кітапханашылар күні! » «М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектебі»
Түркістан облысының білім басқарамасының
Отырар ауданының білім бөлімінің
«М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72544) 23-4-73
Есепші бөлімі:
+7(72544) 23-4-73
Нашар көрушілер
нұсқасы
24
қазан
2024

24-қазан –Кітапханашылар күні!

24-қазан –Кітапханашылар күні!
Бүгінде рухани өміріміздің өзегі іспеттес ғылымды көпшілік оқырманға, ертеңгі ел тізгінін ұстар жас жеткіншек ұрпаққа насихаттауда, рухани мәдени байлығымызды ұрпақтан - ұрпаққа жеткізуші кітапхана болса, сол байлықты өз оқырманына таныстырып, табыстырушы өзіндік тұлға, ол – кітапханашы.
 Кітапханашы мамандар өздерінің күнделікті тыңғылықты еңбегімен шектеусіз ақпаратқа, әлемдік мәдениет пен ғылым құндылықтарына, адамзаттың даналығы мен біліміне кең қол жетімділікті қамтамасыз етеді, оқырмандарды таңғажайып мәдениет әлеміне жетелейді, білімге деген сүйіспеншілікті тәрбиелеп, мәдени дәстүрлерді сақтауға және дамытуға үлес қосады.Киелі орданың мәртебелі иесі-Кітапханашы. Осындай мереке күні барлық кітапханашы мамандарды кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, кәсіби шеберлік пен парасаттылық, руханият игілігі жолындағы еңбектеріңізге шығармашылық табыстар тілейміз!
Ізгі ниетпен:  М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп  коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 9 «В» сынып оқушылары 💐💐💐  24.10.2024.ж. 
Толық ақпарат Facebook парақшамызда
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив