05
қазан
2024
«Ұстаздық етпес жалықпас үйретуден балаға»
«Ұстаздық етпес жалықпас үйретуден балаға» - деген ұлы Абай бабамыз.Ұстаз болашақ азаматтарды ғана емес, бүкіл болашақ қоғамды қалыптастырады.
03.10.2024.ж. «М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп» кмм-ның «Биология әлемінде» үйірмесінің жетекшісі Жусипалиева Әминаның ұйымдастыруымен Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы – деп ақын Ғ. Қайырбеков жырлағандай, сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш ету мақсатында; оқушылармен бірге ардагер ұстаздарға ақ тілектерін паш етті. Бастауыш сынып мұғалімінің ардагер ұстазы Іргебаева Забира апайға ізгі, жылы лебіздерін білдіріп, өлең шумақтарынан арнауларын арнап құттықтады.Болашағы жарқын балаларға ақ батасын беріп, ақ тілегін білдірді. Барлық ұстаздар қауымын төл мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз!
Толық ақпарат Facebook парақшамызда
