23
қазан
2024
“Күз аруы” сайысы өтті.
М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінде “ Балауса” бастауыш сыныптар бірлестігінің айлық жоспарына сәйкес Алишерова Әминаның ұйымдастыруымен 4 сынып оқушылары арасында “ Күз аруы” сайысы өтті.
Мақсаты: күз туралы оқушылардың дүниетанымын арттыру, сайысқа деген қызығушылықтарын дамыту, өз ойларын ортаға салып көрсете білуге, табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Сайыста қыздар “Таныстыру”, “Сұрақ-жауап”, “ Өнер көрсету”, “ Сән үлгісі” бөлімдерден сынға түсті. Қатысушылар өздерін таныстырып, мақал-мәтелдердің жалғасын тауып, өз өнерлерін ортаға салды. “Сән үлгісі” бөлімінде қыздар полиэтилен пакеттерден, газет пен қағаздардан, гүлдерден, жапырақтардан өздері жасалған киім үлгілерін қорғап шықты. Барлық қатысушылар өз өнерлерімен тәнті етіп, байқауды қорытындылап, номинациялармен бағаланды. Сайыста төрешілер өз әділ шешімдерін берді. Байқауға қатысқан оқушыларға мақтау қағаздары мен сыйлықтар берілді.
Толық ақпарат Facebook парақшамызда
