АКТ ҚҰЗЫРЕТТІЛІК ПЕН ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ЗАМАНАУИ КӨЗҚАРАС » «М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектебі»
Түркістан облысының білім басқарамасының
Отырар ауданының білім бөлімінің
«М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72544) 23-4-73
Есепші бөлімі:
+7(72544) 23-4-73
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » АКТ ҚҰЗЫРЕТТІЛІК ПЕН ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ЗАМАНАУИ КӨЗҚАРАС
11
қараша
2024

АКТ ҚҰЗЫРЕТТІЛІК ПЕН ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ЗАМАНАУИ КӨЗҚАРАС

АКТ ҚҰЗЫРЕТТІЛІК ПЕН ЖАСАНДЫ  ИНТЕЛЛЕКТ ЗАМАНАУИ КӨЗҚАРАС 
"М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде  мұғалімдер арасында "Акт құзіреттілігін арттыру " сабағын информатика пәні мұғалімі Оспанов Әбдірасул өткізді. 
Сабақтың мақсаты: Мұғалімдердің ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) қолдану құзыреттілігін арттыру арқылы заманауи білім беру үрдісінің тиімділігін көтеру. Мұғалімдердің цифрлық дағдыларын жетілдіре отырып, ЖИ бойынша нұсқау беру
Бұл мақсатқа жету үшін мұғалімдер АКТ құралдарын меңгеруге, оны сабақ барысында  шығармашылықпен қолдануға, цифрлық сауаттылығын арттыруға қажетті дағдыларды дамытуға бағытталып жұмыс жасайды. Сабақтың бірінші бөлімінде Word мәтіндік редакторының жан-жақты мүмкіндіктерімен жұмыс жасау көрсетіліп, бірнеше тапсырмалар берілді.
Мұғалімдердің цифрлық білімін жетілдіру және жасанды интеллект (ЖИ) бойынша нұсқау беру – білім беру деңгейін арттырудың маңызды қадамдарының бірі. Мұғалімдерге технологияларды тиімді пайдалану бұл оқытуды жақсартуға мүмкіндік береді. Сабақтың екінші бөлімі осы бағытта жүргізілген жұмыстың бірі болды. Пән бойынша онлайн сервистер, көмекші құралдар, виртуалды калькулятор қолданбалары таныстырылады
 Сабақ барысында мұғалімдерге көп ақпараттар енгізілген кітапша ұсынылды. Тікелей демонстрация арқылы ЖИ құралдарын қалай пайдалану керек моделі көрсетілді. Казіргі заман талабына сай жасанды интеллектінің сабаққа пайдалану жолдары түсіндірілді.
Сабақ соңында ұстаздарымыз «суретті аяқта» әдісімен берілген тапсырма бойынша суретті аяқтап, өздерінің сабақ барысындағы алған әсерлерімен бөлісті. Сабақ жоспарын құрғанда әдіс – тәсілдерді мейлінше қызықты етіп пайдалануға деген мүмкіндіктерінің көп екенін атап кетті. 
Қортынды сөз мектеп директоры Сыздықәлі Айнұр Әбдіғапбарқызы әріптестеріне сәттілік тілеп, жоғары бағасын берді.
Қорыта келгенде ешқандай да технология мұғалімді ауыстырмайды, керісінше технологиялар білім сапасын арттыратын, білім беруді жаңа деңгейге шығаратын мұғалім қолындағы қуатты құрал бола алады.

Толық ақпарат Facebook парақшамызда
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив