КОНКУРС! » «М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектебі»
Түркістан облысының білім басқарамасының
Отырар ауданының білім бөлімінің
«М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72544) 23-4-73
Есепші бөлімі:
+7(72544) 23-4-73
Нашар көрушілер
нұсқасы
29
тамыз
2024

КОНКУРС!

Конкурс өткізу туралы хабарландыру:
Түркістан облысының білім басқармасының Отырар ауданының білім бөлімінің «М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі .  Мектеп директорының ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары лауазымына орналасуға конкурс өткізу тәртібі 2012 жылғы 21 ақпандағы No 57 Бұйрығы (бұдан әрі – Қағидалар) негізінде конкурс жариялайды. 
ЛАУАЗЫМДЫҚ МІНДЕТТЕРІ
Директордың ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары келесі лауазымдық міндеттерді орындайды:
1. Мектептің педагогикалық қызметкерлерін аттестациялауды дайындап, өткізуге қатысады.
2. Мектепті жоспарлау мен педагогикалық кеңес қызметін жүзеге асырады.
3. І – ІІ ауысым сабақ кестесін жасауға қатысады.
4.Оқу жүктемесіне, жарғының сақталуына, ішкі еңбек тәртібінің сақталуына бақылау жасап қадағалайды.
5. Сабақтарға қатысып, талдау жасайды және оқыту сабақтарының басқа түрлері (оқу жылында 180 сағаттан кем болмауы керек), анализ қорытындыларын педагогтарға жеткізеді.
6. Педагог қызметкерлерге инновациялық бағдарламалар мен жаңа технологияларды талдауға  көмектеседі.  Жаңа технологияларды ендіру жұмыс процесін ұйымдастырады.
7. Мектептегі экспериментальды жұмыс жүйесін ұйымдастырып, эксперимент нәтижесі және мониторинг жүргізуін іске асырады.
              8. Физика, информатика пәндерінің жүргізілуін және зертханашылар жұмысын қадағалайды.
              9. Оқушылар қозғалысын бақылауды іске асыру және есеп беруді ұйымдастыруға қатысады.
              10. Іс жүргізудің қозғалысын бақылау, кадрлық құжаттардың қамтамасыз етуді ұйымдастыру сыныптардың титульдік беттерінің тізімін, тарификациялық комиссияның қызметін бақылауға  қатысады.
11. Бекітілген құжаттар есебін уақытылы құруды қамтамасыз етеді.
12. Аралық және қорытынды аттестацияны, орта мектептің және негізгі курс бойынша бітіруші емтиханды  жүргізуді, дайындау жұмыстарын ұйымдастыруға қатысады.
13. Оқу жоспарлары мен үлгерімі бойынша есеп беруді жүзеге асыруға қатысады.
14. Мектепішілік бақылауды ұйымдастыруға қатысады.  
15. Критериалды бағалауды үйлестіру жұмыстарын жүзеге асыруға қатысады.
16. Мектептің педагогикалық қызметкерлерін аттестациялауды дайындап, өткізуге қатысады.
17. Өз функционалдық міндеттеріне сәйкес бұйрық жобаларын бекітуге әзірлейді.
               18. Сабақта техникалық құрал-жабдықтарды пайдалануын бақылайды және  ұйымдастырады.
              19. BILIM LAND ақпараттық порталымен жұмыс жүргізілуін қадағалайды.
              20. BilimClass электронды журналдың жүргізілуіне қатысады.
              21. Online сабақтардың және қашықтық олимпиадалардың өткізілуіне қатысады.
               22. https://mektep.sitcen.kz. https://jumys.sitcen.kz сайтарымен  жұмыс  жүргізеді. 
             23.ҰББДҚ  https://e.edu.kz/nedb  сайтының  толтырылуына  бақылау  жасайды.
              24. e.gov.kz   порталы  бойынша  жұмыс жүргізуді қадағалайды.
             25. «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында жұмыстарды қадағалайды.  
              26. Нашар оқитын және мінез-құлқында ауытқушылығы бар оқушылар тобына  берілген  компьютерлердің және  интернеттің  жұмыс істеуіне жеке бақылау жасайды.
              27. Білім ұйымдардың  әлеуметтік  желілерінде   өтілген іс -шаралардың  жариялану  мен қатар ақпараттық    қауіпсіздік шараларды іске асырады. 
              28. АКТ  меңгерушісіне қатысты шешімдермен қаулылардың орындалуын қадағалайды.
Кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары: 
-тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейін бойынша өзге де кәсіптік білім немесе жұмыс стажына талап қоймастан, педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат немесе біліктіліктің орташа деңгейіне жататын XI педагогикалық сыныбы бар 1995 жылға дейін орта мектепті бітіргені туралы құжат;
-және (немесе) біліктілігінің жоғары және орта деңгейі болған кезде педагогикалық жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін-кемінде 2 жыл; педагог-сарапшы үшін-кемінде 3 жыл; педагог- зерттеуші үшін-кемінде 4 жыл;
-және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған жағдайда педагог-шебер үшін педагогикалық жұмыс өтілі – 5 жыл.
Құжаттарды қабылдау мерзімі Конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі – 29.08.2024 – 09.09.2024 (жеті жұмыс күні ішінде);
Электрондық немесе қағаз түрінде жолданатын құжаттардың тізбесі:
1) Қағидалардың 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы No ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
 8)наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
11) тәжірибесі жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы (өзін-өзі таныстыру) ұзақтығы кемінде 10 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.
Мектептің мекен жайы:
160713, Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Отырар ауданы,Көксарай а.о,  Қазыбек Би көшесі, № 2 ғимарат, Auezov_info@mail.ru
Еңбекке ақы төлеу мөлшері штаттық кестеге сәйкес жүзеге асырылады (оқу жүктемесіне, біліктілік деңгейіне, өтіліне қарай есептеледі).
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив