Мектебіміздің тарихы
М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінің тарихы
1930-31жылы Көксарай МТС-і құрылды. МТС-тің құрылуына Ортаарық, Сулыарық, Жартытөбе, Ұзынарал, Шеңгелді, Ызакөл, Құмкөл, Маяқұм дейтін 8 колхоз негіз болған. МТС-тің орталығы – Көксарай деп аталды. Көксарайда 1938-39 оқу жылында «Көксарай» атындағы бастауыш мектебі ашылды. Мектеп қарапайым бір там, бір дәлізден тұрған, онда 30 шақты бала 1-3, 2-4- сыныптарды біріктіріліп оқытылды.
Досанов Кішмат «Көксарай» бастауыш мектебінің алғашқы мұғалімі болды және МТС-тің жұмысшылар комитетінің председателі міндетін атқарды. Досанов Кішмат 1940 жылы қызмет бабымен Отырарға ауысуына байланысты,1941 жылы Харченко дейтін Украин қызы «Көксарай» бастауыш мектебінде мұғалім болып жұмыс жасады .
1941-42 жылдары МТС-тің қарауындағы колхоз мүшелері жаңа каналға, қазіргі Киров ауданына көшіріліп, МТС Иханға Түркістан ауданына ауысты да орнына «Қаракөл» қой совхозы құрылды. Совхоз орталығы Көксарай болды. Сол жылдары Бессарабиядан Молдавандардың көшіп келуіне байланысты халық көбейіп, мектеп жеті жылдық орталау мектебіне айналды.
1945 жылдан бастап, жеті жылдық мектептің директоры болып Сапарбеков Тұрғынбай тағайындалды.
Одан кейінгі жылдары мектептің директоры қызметін Сүлейменов Қабыл, Икматов Исрайл, Абдуллаев Махамбеттер атқарды.
1954-55 оқу жылында мектептің директоры Имбаров Дәрібек тағайындалып, Қаракөл орта мектебі, болып аталды. Мектепте 11 оқушы болды. (Кейбір деректер бойынша мектеп Сталин атындағы орта мектеп деп те аталған).
1955 жылдан бастап,мектепте төмендегі кісілер басшылық жасады:
1955-56 жылдары Жабағин Тасшабай.
1956-57 жылдары Ерназаров Өмірзақ.
1958-59 жылдары Ордабаев Құтым.
1959-64 жылдары Қанаев Өтеген.
1964-73 жылдары Дайрабаев Сабыр. М.Әуезов атындағы орта мектеп болып, 1966 жылдың қыркүйегінен атала бастады.
1973-86 жылдары Досанов Кішмат.
1986-2003 жылдары Өкшебаев Қуатбай.
2003-2005 жылдары Бекбаев Амангелді.
2005-2011 жылдары Башаров Медет.
2011-2012 жылдары Мәулен Айдос .
2012-2014 жылдары Ахмет Арын .
2014-2020 жылдары Ахметов Абдулла .
2020 жылдың желтоқсан айынан бастап мектеп директоры Сыздықәлі Айнұр тағайындалып, қызмет атқарып келеді.

Қазіргі таңда мектебімізде 142 мұғалім жұмыс атқарып жатыр. Оның ішінде педогог-шебер-3 мұғалім, педогог-зерттеуші-37 мұғалім, педогог- сарапшы-25 мұғалім, педогог-модератор-18 мұғалім бар.
Жалпы мектебіміздегі кіші қызметкерлерді қоса алғанда 186 қызметкер жұмыс жасауда.
Мектебімізде 2021-2022 оқу жылында көптеген жұмыстар атқарылды. Атап айтатын болсақ;
2007-2008 оқу жылының түлектері демеушілік жасап, жаңа талапқа сай етіп жабдықтады.
2021-2022 оқу жылында мектептің кітапханасына Ұлы Отан соғысының ардагері және Отырар ауданының құрметті азаматы болған Мамырайымов Абдуаһиттың есімі берілді.
2021-2022 оқу жылында сурет кабинеті мектебіміздің ұстаз ардагері болған,Ы Алтынсарин төс белгісінің иегері Өтегенов Салықбайдың атымен аталды.
2022-2023 оқу жылының қарсаңында мектебіміздің түлегі жеке кәсіпкер TOLAGAI-2050 ЖШС-нің бас директоры Жанысбеков Оразханның демеушілігімен 40 оқушыға мектеп формасы,құрал-жабдықтары алып берілді.