
Көбей Ақерке Хусанқызы 18.04.1994 жылы Түркістан облысы, Қазығұрт ауданында дүниеге келген.Ұлты қазақ. Білімі жоғары. 2001-2012жылдар аралығында «Қызылтаң жалпы орта мектебінде» оқыған. 2012-2016 жылдар аралығында Халықаралық гуманитарлық-техникалық университетін «география» мамандығын тәмәмдаған. 2019-2021 жылдар аралығында Халықаралық Тараз Инновациялық институтын «Педагогика және психология» ғылымдарының магистірі дәрежесі берілген. Еңбек жолын 16.10.2019 жылы Түкістан облысы Отырар ауданы Көксарай ауылындағы «М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінде» Жас Географ үйірмесінің жетекшісі, 2020-2021 жылдар аралығында география пәні мұғалімі қызыметін атқарды. Бүгінгі таңда «М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінде» мектеп психологы болып қызымет етуде.