Директордың ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары
Абдигаппаров Жанибек Жумабайулы 04.04.1982 жылы Отырар ауданы Көксарай ауылында дүниеге келген. 1989 жылы Көксарай ауылындағы М.Әуезов орта мектебіне келіп, 1997 жылы 9 сыныпты қызыл дипломмен аяқтайды. 10-11 сыныпты отбасылық жағдайлармен Ленгір ауданы Маятас ауылында 1999 жылы Б.Момышұлы мектебінде аяқтайды. 2000 жылы М.Әуезов атындағы ОҚМУ не оқуға түседі. 2005 жылы ол университетті математика және физика пәнінің мұғалімі деген диплом алады. 2005-2010 жылдар арасында түрлі салаларда қызмет жасайды. 2010 жылы Отырар ауданы Қостерек елді мекенінде Ғ.Мұратбаев мектебіне физика пәнінің мұғалімі болып жұмысқа тұрады. 2014 жылы Отырар ауданы Көксарай ауылындағы М.Әуезов мектебіне математика пәнінің мұғалімі болып ауысады. 2024 жылы сол мектептің директордың АКТ орынбасары болып тағайындалады.
