19
қыркүйек
2024
«Тілім барда айтылар сыр ойдағы»
Түркістан облысы, Отырар ауданы М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 19.09.2024 жылы «5 қыркүйек – ұлт ұстазы А.Байтұрсыновтың туған күні Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесі». Бұл - барша елге ортақ, жалпы халықтық мереке, барлық ұлт өкілдеріне көрсетілетін құрмет. «Тіл тәуелсіздік тұғыры» атты он күндік іс-шара жоспарына орай 9- сыныптар арасында педагог-ұйымдастырушы М.Мыңбаевтың жетекшілігімен «Тілім барда айтылар сыр ойдағы» атты интелектуалды ойын пікір сайыс сабағы өткізілді:
9 «А» сынып «Білгірлер» тобы
9 «Ә» сынып «Жалын» тобы
9 «Б» сынып «Дарын» тобы
9 «В» сынып «Самға» тобы
Сайыс 4 кезеңнен тұрды:
1. Таныстыру
2. Сұрақ-жауап және мақал –мәтел сайысы
3. Жұмбақ сандық
4. Ойлы болсаң, озып көр. Иә-жоқ
Сайысқа директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Сенгирбеков Оркен , тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ерден Сандуғаш және қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері әділ қазылық етіп сайыс нәтижесінде 4 кезең бойынша жоғары ұпай жинаған «Білгірлер» тобы 1- орында иеленді. Жеңімпаздар мектеп директоры А.Сыздықәлінің мадақтамасымен марапатталды.



