Бердібек Соқпақбаевтың туғанына "100 жыл” » «М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектебі»
Түркістан облысының білім басқарамасының
Отырар ауданының білім бөлімінің
«М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72544) 23-4-73
Есепші бөлімі:
+7(72544) 23-4-73
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Бердібек Соқпақбаевтың туғанына "100 жыл”
17
қазан
2024

Бердібек Соқпақбаевтың туғанына "100 жыл”

М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектептің бастауыш сыныптар бірлестігінің айлық жоспарына сәйкес 3 сынып жетекшілері Р.Сарсенбаева, Д.Бастарбекова, Г.Абылова, Ж.Сапарбаевалардың ұйымдастыруымен “ Балалар әдебиетінің бәйтерегі Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл” тақырыбында әдеби-сазды кеш өтті. 
Мақсаты: қазақ балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың өмірі мен шығармашылығын таныстыра отырып, оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын дамыту. Ойлау қабілеттерін, көркем жеткізе білу дағдыларын дамыту. Елжандылыққа тәрбиелеу. 
Іс-шара жазушы Б. Соқпақбаевтың өмірбаянын айтумен басталды. Оқушылар жазушының шығармаларына шолу жасап, “ Бердібек атаға арнау” өлеңін мәнерлеп айтып шықты. Б. Соқпақбаевтың   ғасырлық мерейтойы  ЮНЕСКО көлемінде аталып өтетінін айтып, ортаға автордың “Менің атым Қожа” шығармасындағы кейіпкер Қожаны шақырды. Қожа балалармен “сұрақ-жауап” ойынын ойнады. Фильм барысынан сұрақтар қойды. “Менің атым Қожа” фильмінен үзінді көрінісін қойды. “Туған ел”, “ Балалық шақ” өлеңдері жеке орындалды. Әдеби кеш “Бақыт деген” әнімен аяқталды. 
Толық ақпарат Facebook парақшамызда
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив