Тарихы сырлы,ертеңі нұрлы ғажап ел! » «М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектебі»
Түркістан облысының білім басқарамасының
Отырар ауданының білім бөлімінің
«М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72544) 23-4-73
Есепші бөлімі:
+7(72544) 23-4-73
Нашар көрушілер
нұсқасы
23
қазан
2024

Тарихы сырлы,ертеңі нұрлы ғажап ел!

Тарихы сырлы,ертеңі нұрлы ғажап ел!
  М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 23.10.2024 жылы 9 «в» сыныбы және «Көркемөнерпаздар» үйірмесінің жетекшісі Байдарбекова Ләззат Тоғайбекқызының ұйымдастыруымен
25-қазан Республика күніне орай «Тарихы сырлы, ертеңі нұрлы ғажап ел!» атты біріктірілген тәрбиелік іс-шара өткізілді.1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның егемендігі туралы декларация қабылданды. Бұл еліміздің тәуелсіздік жолындағы тұңғыш қадамы болатын. Республика күні елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы.  Мақсаты: Оқушыларға тәуелсіз мемлекет туралы түсінік беру, Отанға деген сүйспеншіліктерін арттыру. Қазақстан Республикасының мемлекетік рәміздері: Елтаңба, ту, әнұран туралы білімдерін қалыптастыру. Тақпақ, мақал-мәтелді жатқа айтуға үйрету. Патриоттық сезімге баулу, тіл байлығын ой-өрісін, сөзді байланыстырып сөйлеу қабілетін дамыту. Елімізді, жерімізді қадірлеуге, сүюге тәрбиелеу. Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының ән ұраны орындалды. Оқушыларымыз  отанымызға деген өлең шумақтарын паш етіп, өнерпаз оқушылар туған жер биімен, әсем әндерін шырқады. Шара  қортындысын директордың тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары Ерден Сандуғаш Бақтыбайқызы құттықтау сөз сөйлеп, өте жоғары дәрежеде өткенін айтып өтті. Мемлекетіміздің тұғыры берік, тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын!
Толық ақпарат Facebook парақшамызда
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив