«Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен және облыс әкімінің ақшалай сыйлығымен марапатталды
Сарсенбаева Рабиға Заманбекқызы 07 қараша 1972 жылы Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Абай ауылында дүниеге келген. 1988 жылы Түркістан қаласы №15 орыс мектебін аяқтап, Түркістан қаласындағы педагогикалық колледжге түсіп, 1992 жылы аталған оқу орнын бітіріп, сол жылы Түркістан облысы Отырар ауданы М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектебіне жұмысқа қабылданды. Осы күнге дейін аталған мектепте жұмыс атқарып келеді. 1999 жылы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтына бастауыш сынып мұғалімі мамандығына сырттай оқуға түсіп, 2001 жылы аяқтап шықты. 2019 жылы шебер мұғалім санатына өтті. Шәкірттері аудандық, облыстық, республикалық олимпиадалар мен сайыстарда жүлделі орындарға ие болып келеді. Еңбегі бағаланып, аудандық, облыстық, республикалық білім бөлімінің алғыс хаттарымен марапатталған.
Ұстаздар күні – барша ұстаздарға деген құрмет пен ризашылықты білдіретін ерекше мереке. Рабиға Заманбекқызын мерекемен құттықтай отырып,отбасына амандық, деніне саулық, ісіне шығармашылық табыс тілейміз.

