ГЕОГРАФИЯ ПӘНІНЕН АҚЫЛДАСУ САБАҒЫ ӨТТІ » «М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектебі»
Түркістан облысының білім басқарамасының
Отырар ауданының білім бөлімінің
«М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72544) 23-4-73
Есепші бөлімі:
+7(72544) 23-4-73
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » ГЕОГРАФИЯ ПӘНІНЕН АҚЫЛДАСУ САБАҒЫ ӨТТІ
27
қыркүйек
2024

ГЕОГРАФИЯ ПӘНІНЕН АҚЫЛДАСУ САБАҒЫ ӨТТІ

«М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ де «Отырар ауданының географиясы» немесе  «Туған жер географиясы» тақырыбында өлкетану курсын    оқыту әдістемесі негізінде география пәнінің мұғалімдері мен жобаны талқылау мақсатында ақылдасу сабағы өтті. 
Ақылдасу сабағының басты мақсаты- Отырардан шыққан белгілі географ педагогика ғылымдарының докторы Ұлжалғас Әмзеқызы Есназарованың бірнеше географиялық оқулықтарының және де туған өлкенің географиясы туралы жазылған «Өлкетану» оқулықтарын негізге ала отырып «Туған жер географиясы» тақырыбында өлкетану курсын оқыту әдістемесі негізінде,география пәнінің мұғалімдерімен жобаны талқылау.  Іс- шара барысында«ҚР-ның білім беру ісінің үздігі», «ҚР-ның еңбек сіңірген қызметкері»,Республикалық атаулы географиялық мектебінің ғылыми жетекшісі Ұлжалғас Әмзеқызының ізін жалғастырушы жас географтар 5-ші сынып оқушылары көпшіліктің көңілінен шықты.Бағдарлама жоспарына сәйкес  география пәнінің мұғалімдері:7 «а» сыныбында Шылманова Гүлданай «Географиялық деректерді ұйымдастыру», 8 «ә» сыныбында Бурабаева Мақпал «Жер бедерінің қалыптасу және таралу заңдылықтары» тақырыбында ашық сабақтар өтті. Мектебіміздің «STEM» кабинетінде оқушыларымыз Әуелбек Раййан «Отырар ауданының экологиялық мәселелерін көгалдандыру арқылы шешудің тиімділігі», Әшірімбет Мағжан               « Көксарай ауылының экологиясына әсер етуші антропогендік факторлар» тақырыбында ғылыми жетекшісі Жанбатырова Аийдамен бірге ғылыми жұмыстарын қорғады.АББӘК-ның әдіскері Қалманова Жанар Есіркепқызы жобаны жүзеге асыру жоспарымен таныстырып, география пәнінің мұғалімдерімен жобалау жұмысын қадамдар бойынша,жоспарлау талқыланды.Іс-шара соңында сөз алған мектеп директоры Сыздықәлі Айнұр Әбдіғапбарқызы «Өлкетану» курсының жұмыстары жалғасын тауып, өлкетану жұмысындағы жаңашылдықтың модульдік технологиясын іске асыру жөнінде ұсыныстарын айтты.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив