14
қазан
2024
“Сүйікті менің ата-әжем!”
М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып бірлестігінің айлық жоспарына сәйкес 1 сынып оқушыларының қатысуымен “ Сүйікті менің ата-әжем!” тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Мақсаты: оқушыларға ұлттық қадір-қасиеттер, имандылық, үлкенді қадірлеу, үлкенге ізет көрсету керектігін түсіндіру, оқушыларға еңбекті сүюге, Отанымыздың білікті де білімді, адал азаматы болуға тәрбиелеу.
Іс-шара шымылдығын сынып жетекшілері орындауындағы ән ашты. Оқушылардың жеке орындауындағы әндер мен би, көрініс, өлеңдер іс-шарада жалғасын тапты. Оқушылардың ата-әжелерден сұхбат алуы әсерлі болды. Оқушылардың орындауында “ Ата, әже” әні хормен орындалды. Кеш соңында ата-әжелер немерелеріне өз тілектерін жазып, “ Тілек ағашына” ілді.
Осындай әсерлі кешті өткізген сынып жетекшілері Ә.Бердібекова, А.Айдарханова, А.Балабиева, Г.Аймурзаеваларға ата-әжелер алғыстарын айтты.
Толық ақпарат Facebook парақшамызда
